Ущерб недвижимости - Thexpert.kz

+7(700) 300-12-72

Қоңырау соғу Жазу

Жылжымайтын мүлік залалы

Егер көршілеріңіз пәтерді су астында қалдырса немесе су кетуінен мүлік, кеңсе, мейрамхана немесе басқа да нысандар зардап шеккен болса, сізге залалды бағалау қажет болады. Бұл қызмет сізге шығынның нақты құнын алуға, монтаждау, бөлшектеу жұмыстары мен материалдардың құнын анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар сізге сотқа, сақтандыру компаниясына немесе басқа инстанцияларға өтемақы үшін заңды түрде жүгінуге көмектесетін алдағы іс-қимыл бойынша дұрыс кеңестер береміз.

 

Мүлкіңіз суда қалған жағдайда ең алдымен сізге пайдаланушы компания немесе ПИК өкілдеріне жүгіну қажет болады. ПИК өкілдерімен су басудан кейінгі тексеру актін жасайсыз. Актіде күн, мекенжай, су басу себебін, қандай су (ыстық немесе суық) аққанын жазасыз, бүлінуді сипаттайсыз, ауданды көрсетесіз (актінің үлгісі).

Екіншісі, бізге қоңырау шалыңыз.

Су кеткеннен кейін тәуелсіз бағалау жүргізу үшін сол орынға бару, фототіркеуге алу, тексеру және өлшеулер жүргізу қажет болады. Жылжымайтын мүлікке қажет құқық белгілейтін құжаттарды дайындап қоюыңызды сұраймыз.

Келісілген уақыт өткен соң заңнаманың барлық талаптарымен жасалған залалды бағалау туралы дайын есепті береміз. Одан әрі су кетуіне кінәлілерден залалдың орнын толтыруды талап ете аласыз (жеке, сол сияқты сот тәртібімен), сондай-ақ қажет болғанда сақтандыру компанияларына бағалау нәтижелерін ұсынуға болады

1) Пәтерді сатып алу жөніндегі құжаттар (сатып алу негіздемесіне қарай), сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, жекешелендіру шарты, сот шешімі, мұрагерлік құқығы туралы куәлік не меншік құқығы туындауының басқа негіздемелері;
2)Техникалық төлқұжат (жоспар);
3) Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бар болса);
4) Тіркелген құқықтар туралы анықтама (Нысан 2);
5)Тексеру актісі (бар болса);
6) Бағалауға Тапсырыс берушінің және жылжымайтын мүлік меншік иесінің жеке куәлігі.

Қазақ тілі
Русский Қазақ тілі