+7(700)-234-34-34

Қоңырау соғу Жазу

Мүлікті бағалау

Жылжымалы және жылжымайтын мүлікті бағалау бойынша қызметтерді күн сайын, сапалы әрі барынша қысқа мерзімде орындаймыз. Банктер мен мемлекеттік органдар жанындағы аккредитациялаудың айтарлықтай мөлшері Клиенттеріміздің есепті әртүрлі мақсаттар үшін көп рет пайдалануына мүмкіндік береді:

1.Кредитке қабілеттілікті растау, кепілдік мүлікті қамтамасыз ету;

2.Қаржы және салық, ҚЕХС-ке көшу есептілігін дайындау;

3.Сатып алу-сату;

4.Бірігу және жұтылу;

5.Жылжымайтын мүлік залалын, алынбай қалған пайданы анықтау.

Тұрғын, бақшалық үйді бағалаған кезде:

1)Пәтерді сатып алу жөніндегі құжаттар (сатып алу негіздемесіне қарай), сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, жекешелендіру шарты, сот шешімі, мұрагерлік құқығы туралы куәлік не меншік құқығы туындауының басқа негіздемелері немесе Пайдалануға енгізу акті;
2)Пәтердің техникалық төлқұжаты (пәтердің жоспары);
3) Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бар болса);
4) Тіркелген құқықтар туралы анықтама (Нысан 2);
5)Жер учаскесіне мемлекеттік акт және учаскені сатып алу бойынша шарт (бар болса);
6) Бағалауға Тапсырыс берушінің және жылжымайтын мүлік меншік иесінің жеке куәлігі.

Пәтерді бағалаған кезде:

1) Пәтерді сатып алу жөніндегі құжаттар (сатып алу негіздемесіне қарай), сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, жекешелендіру шарты, сот шешімі, мұрагерлік құқығы туралы куәлік не меншік құқығы туындауының басқа негіздемелері;
2)Пәтердің техникалық төлқұжаты (пәтердің жоспары);
3) Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бар болса);
4) Тіркелген құқықтар туралы анықтама (Нысан 2);
5) Бағалауға Тапсырыс берушінің және жылжымайтын мүлік меншік иесінің жеке куәлігі.

Автокөлік құралдарын, машиналар мен жабдықтарды бағалаған кезде:

1)Техникалық төлқұжат;
2)КҚ тіркеу туралы куәлік;
3)Төлем шоты, КЖД (кедендік жүк декларациясы), автокөліктің техникалық ерекшелігі (жаңа автокөліктер үшін);
4)Жеткізуге келісімшарттар, сатып алу-сату шарттары — өтініш беруші басшысының қолымен куәландырылған және өтініш беруші мөрімен бекітілген көшірмелер;
5)Кіріс құжаттар (жүкқұжаттар, инвойстар, қабылдау-тапсыру актілері) — көшірмелер;
6)Кедендік декларациялар — көшірмелер;
7)Техникалық құжаттама – түпнұсқа немесе өтініш беруші басшысының қолымен куәландырылған және өтініш беруші мөрімен бекітілген көшірмелер;
8)Жабдықтарға төлемді растайтын құжаттар — өтініш беруші басшысының қолымен куәландырылған және өтініш беруші мөрімен бекітілген көшірмелер (бар болса).
9)Заңды тұлғалар үшін «Негізгі құралдар» шоты бойынша үзінді көшірме, жабдықтың бастапқы құны, теңгерімге қойылған күн, есептелген амортизация, қалдық құн, пайдалануға енгізу жылы көрсетілген, түгендеу нөмірі көрсетілген

Коммерциялық жылжымайтын мүлікті бағалау кезінде:

1)Пәтерді сатып алу жөніндегі құжаттар (сатып алу негіздемесіне қарай), сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, жекешелендіру шарты, сот шешімі, мұрагерлік құқығы туралы куәлік не меншік құқығы туындауының басқа негіздемелері немесе Пайдалануға енгізу акті;
2)Пәтердің техникалық төлқұжаты (пәтердің жоспары);
3) Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бар болса);
4) Тіркелген құқықтар туралы анықтама (Нысан 2);
5)Жер учаскесіне мемлекеттік акт және учаскені сатып алу бойынша шарт (бар болса);
6)Қаржылық құжаттар (қажет болғанда);
7) Бағалауға Тапсырыс берушінің және жылжымайтын мүлік меншік иесінің жеке куәлігі немесе компанияның деректемелері.

Бизнесті бағалау

Бизнесті бағалау — ақшалай бірлікте белгілі бір күнге арналған бизнестің құны туралы негізделген қорытынды ұсынуға мүмкіндік беретін әрекеттер кешені.

Компаниямыздың сарапшылары бизнесіңіздің қаржылық, ұйымдастырушылық, технологиялық қызметіне талдау жүргізеді, серпінді зерттейміз және даму келешегі мен бәсекелестер арасындағы жайғасымдар туралы қорытынды береміз, компанияның әрбір активін қайта бағалаймыз.

Кәсіпорынның активтерін бағалауды бизнес пен МЕА бағалау саласындағы білікті сарапшылар орындайды. (Бағалау туралы сауатты және негізделген есепті жасау үшін арнайы дайындық, тәжірибе мен бизнесті бағалау бойынша куәлік талап етіледі). Кәсіпорынның құнын бағалау бизнеспен танысудан бастап математикалық есептеулерге дейінгі бірнеше кезеңнен тұрады.

Алдын ала кезең

Бағалаушы мен Тапсырыс беруші жұмыстардың көлемін, мерзімін және бағасын келіседі. Сарапшы кәсіпорынды, қызметтің ерекшелігін зерттейді, бағдарланатын нарық сегментіне тереңнен көз салады.

Бастапқы кезең

Бағалаушы объектіге барады, қажет құжаттаманы алады, қағаздарды, сондай-ақ ашық көздерді, БАҚ, деректер базасын зерттейді, кейін есептеу негізіне кіретін мәліметтерді жинақтайды .

Талдамалық кезең

Сарапшы нарыққа маркетингтік зерттеу жүргізеді, компанияның бұрынғы экономикалық қызметін талдайды, бұған әсер етуі мүмкін факторларды ескере отырып, даму келешегін болжайды.

Негізгі кезең

Бағалаушы кезең-кезеңмен есептеулерге ауысады. Ол кәсіпорынның жылжымайтын және жылжымалы мүлкінің бағасын анықтайды, материалдық емес активтердің құнын бағалауға көшеді. Бұдан әрі қызметтің қаржылық көрсеткіштерін, теңгерімді зерттейді, рентабельділігі мен өтімділігін анықтайды. Соңында капиталдандыру деңгейін есептейді және кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайы туралы қорытынды жасайды. Есеп дайындайды және оны тапсырыс берушіге тапсырады.

Қорытынды сан көп күндік талдау мен аса дәл есептеулер негізінде құрылады. Кәсіби маман құжаттарды «тонналап» зерттеуге міндетті. Бұл құрылтай құжаттары, бірнеше жыл ішіндегі бухгалтерлік есеп, аудиторлардың қорытындылары, сондай-ақ, егер бар болса, компанияның берешектері туралы толық есеп және басқа да көптеген қағаздар. Қорытынды есепті нарықтық ортаның ағымдағы жай-күйіне түзетумен дайындайды. Сарапшы жұмысында бизнес құнын бағалаудың әртүрлі әдістерін басшылыққа алуға құқылы.

Бизнесті бағалауға арналған қажет құжаттар тізімі

1.Құрылтай құжаттары (жарғы, құрылтай шарты, Заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік) – нотариалдық куәландырылған көшірмелер;
2. ЖШС жарғылық капиталына жарналардың төленгенін растайтын құжаттар – көшірмелер; ЖШС-ға үлесті сатып алу туралы құжаттар (болған жағдайда, сатып алу-сату, айырбас және т.с.с.) – көшірмелер.
Документы о приобретении доли в ТОО (при их наличии, договор купли-продажи, мены и т. п.) – копии.
3. Соңғы үш жылдағы және соңғы есептік тоқсандағы қаржылық құжаттар (№1, 2, 3 нысандар) (Эмитенттің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталған).
4. Дебиторлық берешекті (пайда болған күні, Шартқа сәйкес өтеу күні), кредиторлық берешекті, қорларды, теңгерімнің басқа да баптарын таратып жазу;
5. Негізгі құралдардың тізімі (атауы, түгендеме нөмірі, пайдалануға берілген жылы, бастапқы құны, жинақталған тозу, ағымдағы күнге қалдық)
6. Өтініш беруші басшысының, бас бухгалтердің қолымен куәландырылған және өтініш берушінің мөрімен бекітілген соңғы үш жылдағы негізгі құралдарды енгізу және шығару құны жөніндегі ақпарат;
7. Кәсіпорынның құрылған күні мен негізгі қуаттарды енгізу күні көрсетілген кәсіпорынның қысқаша тарихы; негізгі жеткізушілер мен тұтынушыларға қатысты объектінің орналасқан жерінің сипаттамасы; кәсіпорынның ағымдағы қуаты, жоспарланған жүктеме; кәсіпорынның даму келешегі; өндірістік персонал туралы деректер — өтініш беруші басшысының қолымен расталған және өтініш берушінің мөрімен бекітілген;
8. Соңғы екі жылдағы кірістер мен шығыстардың түсіндірмесі – өтініш беруші басшысының қолымен расталған және өтініш берушінің мөрімен бекітілген көшірмелер.
9. Теңгерімнің барлық баптарының түсіндірмесі (1,2 нысандар).

Жылжымайтын мүлік залалы

Егер көршілеріңіз пәтерді су астында қалдырса немесе су кетуінен мүлік, кеңсе, мейрамхана немесе басқа да нысандар зардап шеккен болса, сізге залалды бағалау қажет болады. Бұл қызмет сізге шығынның нақты құнын алуға, монтаждау, бөлшектеу жұмыстары мен материалдардың құнын анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар сізге сотқа, сақтандыру компаниясына немесе басқа инстанцияларға өтемақы үшін заңды түрде жүгінуге көмектесетін алдағы іс-қимыл бойынша дұрыс кеңестер береміз.

Мүлкіңіз суда қалған жағдайда ең алдымен сізге пайдаланушы компания немесе ПИК өкілдеріне жүгіну қажет болады. ПИК өкілдерімен су басудан кейінгі тексеру актін жасайсыз. Актіде күн, мекенжай, су басу себебін, қандай су (ыстық немесе суық) аққанын жазасыз, бүлінуді сипаттайсыз, ауданды көрсетесіз (актінің үлгісі).

Екіншісі, бізге қоңырау шалыңыз.

Су кеткеннен кейін тәуелсіз бағалау жүргізу үшін сол орынға бару, фототіркеуге алу, тексеру және өлшеулер жүргізу қажет болады. Жылжымайтын мүлікке қажет құқық белгілейтін құжаттарды дайындап қоюыңызды сұраймыз.

Келісілген уақыт өткен соң заңнаманың барлық талаптарымен жасалған залалды бағалау туралы дайын есепті береміз. Одан әрі су кетуіне кінәлілерден залалдың орнын толтыруды талап ете аласыз (жеке, сол сияқты сот тәртібімен), сондай-ақ қажет болғанда сақтандыру компанияларына бағалау нәтижелерін ұсынуға болады

1) Пәтерді сатып алу жөніндегі құжаттар (сатып алу негіздемесіне қарай), сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, жекешелендіру шарты, сот шешімі, мұрагерлік құқығы туралы куәлік не меншік құқығы туындауының басқа негіздемелері;
2)Техникалық төлқұжат (жоспар);
3) Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бар болса);
4) Тіркелген құқықтар туралы анықтама (Нысан 2);
5)Тексеру актісі (бар болса);
6) Бағалауға Тапсырыс берушінің және жылжымайтын мүлік меншік иесінің жеке куәлігі.

Материалдық емес активтерді және зияткерлік меншікті бағалау

Компаниямыздың сарапшылары материалдық емес активтерді және зияткерлік меншікті бағалау жөніндегі барлық қажет дағдыларға ие және талаптарға жауап береді. Бағалау бойынша қызметтер құнын анықтау үшін алдын ала бастапқы деректер қажет болады:
1.ЗМ немесе МЕА объектісінің атауы мен сипаттамасы;
2.Объектіге құқық белгілейтін құжаттар (мысалы, патенттер, куәліктер, лицензиялық келісімдер, шарттар, авторлық құқықтар және т.с.с.) . теңгерімдік құн.
балансовая стоимость.

Қазақ тілі
Русский Қазақ тілі